Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Қырғыз соты Kloop, Temirov Live және "Айт, айт десе" медиа жобаларын "экстремистік" деп таныды

0

Бішкектегі Октябр аудандық соты Temirov Live, Kloop.kg ("Клооп Медиа" қоғамдық қоры) және "Айт, айт десе" медиа жобаларының материалдарын және осы баспасөз құралдары жетекшілерінің қызметін "экстремистік" деп таныды.

Сот баспасөз хабарламасында жоба жетекшілері аты-жөндерінің алғашқы әріптері келтірілген. Т.Б.М және Т.Р.Р. Болот Теміров пен Ринат Тухватшиннің инициалдарына ұқсайды.

Сот үкіміне Октябрь аудандық прокуратурасының арызы түрткі болды. Үкімді Қырғызстан цифрлық даму және инновациялық технологиялар министрлігі Байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі орындауы қажет.

Kloop.kg – 2007 жылы журналистер негізін қалаған тәуелсіз онлайн-басылым. Басылым 2010 жылғы төңкерістен жедел хабар беріп танылған. Кейінгі жылдары жоба журналистік зерттеулерге басымдық берген. 2023 жылғы қыркүйекте басылымның сайты бұғаттала бастады. Ал 2024 жылғы ақпанда сот "Клооп Медиа" қоғамдық қорын жою туралы қаулы шығарды. Сол жылы тамызда Жоғарғы сот алғашқы инстанция үкімін күшінде қалдырды.

Temirov Live жобасы да журналистік зерттеулермен айналысады. Зерттеулері YouTube-арнасында жарияланады.

"Айт, айт десе" – Temirov Live жобаларының бірі. Бұл құралдардың директоры журналист Болот Теміровтың жары Махабат Тәжібек. Ол қазір қамауда отыр. Бір жыл бұрын сот оны "жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деген айып бойынша кінәлі деп тапқан. Махабат Тәжібек те, оның күйеуі Болот Теміров те бұл істің саяси астары бар деп санайды. 2022 жылғы қарашада Болот Теміров Қырғызстаннан шығарылды. Оның алдында қырғыз сот оның паспортын жарамсыз деп тапқан.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России