Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Астана әкімі: Қосшы мен ескі вокзал бағытында LRT жолағы салынады

0

Астанада орталықты Қосшы қаласымен және ескі вокзалмен жалғайтын жеңіл рельсті көлік (LRT) жолағы салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбекке сілтеп Tengrinews.kz сайты хабарлады.

"Қосшы ұлғайып жатыр. Бұл – Астанаға түсетін жүкті азайтып, оған көмектесіп отырған үлкен спутник қала. Сол себепті Қосшыдан қалаға белсенді қозғалыс бар, келесі кезеңде осы бағытта саламыз" деп келтірді басылым әкімнің сөзін.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, LRT жобасының екінші кезеңінде қала орталығын ескі вокзалмен жалғайтын жолақ та салынбақ. Ол жолақ Сығанақ көшесінен басталып, Тұран көшесі арқылы ескі вокзалға жол тартады. Қосшы бағытындағы жолақтың алғашқы бөлігі бір жарым жыл ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл бағыттың кей жерлерінде аспалы жолақ төмен түсіп, жер бетімен өтпек.

"Бүгінде Қосшыдан қалаға күн сайын 50 мың адам келеді. Әсіресе таңғы 8:00 уақытында. Бұл Тұран, Қабанбай батыр және Мәңгілік Ел көшелерінде үлкен салмақ түсіріп отыр" деді әкім.

Астана басшысының сөзінше, жоба қаражаты қарызға алынуы мүмкін.

Қазақстанда LRT салу жоспары 2008 жылы мәлімделген. Бірақ одан кейінгі жылдары жобаны жүзеге асыру қымбатқа шығатыны ескеріліп, билік бұл идеядан бас тартқан. 2010 жылдардың ортасында жобаға қайтадан жан бітіп, Қазақстан Қытай даму банкінен 1,6 млрд доллар қарыз алды. Ол кезде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасары болатын. Бірақ бұл жобаның аяғы жемқорлық дауына ұласып, Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан шетелге қашты. 2024 жылы Қазақстан соты оны сырттай 9 жылға соттады. Биыл мамырда Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Талғат Ардан Түркияда ұсталғанын, оның Қазақстанға экстрадицияланатынын айтқан.

Осылайша LRT қадалары ел арасында "жемқорлық ескерткіші" деп аталып кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы президент қызметіне кіріскен LRT жобасын аяқтауға басымдық берген. Биыл LRT құрылысы аяқталып, сынақтан өтіп жатыр, келесі жылдан бастап қызмет ете бастайды.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России