Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Қазақстан 2029 жылға қарай шетел студенттерінің санын 100 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан елдегі шетел студенттерінің санын 100 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр деп мәлімдеді. Қазір елде 31 мыңнан астам шетел студенті оқып жатыр және бұл бұрын-соңды тіркелмеген "рекордтық көрсеткіш". Бұл жөнінде Тоқаев жұма күні "Қазақстан – академиялық білім аймағы" форумында айтты.

Оның сөзінше, "виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады". Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы да іске қосылады.

Президенттің сөзінше, қазір "40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 бөлімі ашылған".

"Көптеген филиалда оқу ағылшын, орыс, қытай тілдерінде жүргізіледі. Бұл – аса маңызды. Өйткені білім беру саласындағы көптілділік адамдардың немесе университеттердің, тіпті, тұтас мемлекеттердің ашықтығы мен бәсеке қабілеттілігінің негізін қалайды. Келешекте де солай болмақ. Оған еш күмән жоқ" деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұған қоса барлық бөлімшеде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылады.

"Бұл шетелдік студенттердің мәдениетіміз бен менталитетімізді терең түсінуіне көмектеседі" деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан 2021 жылы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалын ашу жобасын бастаған. Тоқаев былтырғы қыркүйектегі жолдауында елде шетел университеттерінің 23 бөлімшесі барын айтқан. Бір жылдан астам уақыт ішінде он бөлімше ашылып отыр.

Биыл Азаттық көктемде Қазақстанда ширек ғасырға жуық лицензиясыз жұмыс істеп келген ресейлік Челябі мемлекеттік университетінің филиалын заңдастыру жұмысы қарқын алғанын жазған. 2024 жылғы қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан мен Ресей үкіметтері филиал жұмыс жұмысын реттейтін келісімге қол қойған. Биліктің түсіндіруінше, Ресейде 90 мыңға жуық Қазақстан студенті оқиды, осы көрсеткішті төмендету мақсатында ресейлік оқу орындарының бөлімшелері елде ашылып жатыр.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России