Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2025

Державалар ядролық сынақпен қайта қоқан-лоқы жасай бастады. Неге?

0

Кейінгі кезде Ресей, АҚШ, Қытай ядролық қару мен оны сынау жайлы жиі айта бастады. Мәселен, 28 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға ядролық сынақты қайта қалпына келтіруді тапсырып, кейін Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесуге кетті. Ал 26 қазанда Ресей президенті Владимир Путин ядролық қару тасымалдайтын ракета мен дрондарды сынадық деп мәлімдеді.

Әлемде қанша рет ядролық сынақ өтті? Сынақтар неше тоқтады? Атом бомбасы бар елдер сынақты неге қайта бастағысы келеді?

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ ДӘУІРІ

АҚШ ядролық қару кезеңін 1945 жылы шілдеде ашып, Нью-Мексико штатында 20 килотонна атом бомбасын сынады да тамызда Жапонияның Хирошима және Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастады.

Ал 1949 жылы тамызда Совет одағы Семей полигонында алғашқы атом бомбасын сынап, Батыс елдерін үркітті. 1945-1996 жылдары Жер бетінде 2000-нан аса сынақ жүргізілді. БҰҰ есебінше, бұл сынақтардың көбі АҚШ (1032) пен Совет одағында (715) өткен. Қалған сынақтар Франция (210), Британия (45) және Қытайда (45) жүрді.

Ал 1996 жылы әлем елдері Ядролық сынаққа тыйым салу келісіміне қол қойды. АҚШ соңғы рет 1992 жылы, Қытай мен Франция 1996 жылы, Совет одағы 1990 жылы ядролық қаруын сынаған. Ал СССР-дің ядролық арсеналын мұра етіп алған Ресей атом бомбасын сынамады.

Ядролық сынаққа тыйым салу келісіміне қол қоймаған Үндістан мен Пәкістан 1998 жылы екі реттен қаруын сынады. Ал БҰҰ есебінше, Солтүстік Корея 2006-2017 жылдары алты рет сынақ өткізген.

ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР НЕГЕ ТОҚТАДЫ?

Бірінші кезекте ядролық сынақ қоршаған ортаға, жер астына, суға, адам денсаулығына кері әсер етті.

Батыс елдерінің Тынық мұхитындағы, Совет одағының Семей мен Арктикадағы сынақтарының табиғат пен адамға зияны көп болды. Сарапшылар Тынық мұхиты аймағы мен Қазақстанда миллиондаған адамның денсаулығы нашарлап, зардабын әлі тартып келеді дейді.

Бұған қоса, ядролық сынақтардың тоқтауы Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы салқындықты сәл де болса сейілтті дейді.

Ядролық сынаққа тыйым салу келісімі кез келген жерде атом бомбасын сынауға тыйым салады. Бұл келісімге АҚШ пен Ресей 1996 жылы қол қойған. Мәскеу 200 жылы ратификациялады, бірақ АҚШ ратификацияламаған еді. 2023 жылы Ресей президенті Путин ратификацияның күшін жойып тастады.

КЕЙ ЕЛДЕР СЫНАҚТЫ НЕГЕ ҚАЙТА БАСТАҒЫСЫ КЕЛЕДІ?

Ядролық сынақ ақпарат жинау үшін не сигнал үшін керек.

Сынақ жаңа ядролық бомбаның мүмкіндігін тексеріп, ескісі қаншалықты қауқарлы екенінен ақпарат береді.

Бұған қоса, мұндай сынақ АҚШ-тың Ресей мен Қытайға стратегиялық күшін көрсету амалы да болуы мүмкін.

Путин бірнеше рет АҚШ ядролық сынақты бастаса Ресей де қолға алады деген еді. Ресей президенті әлемде ядролық қару жарысы басталып кетті деп мәлімдеген.

ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ АТОМ БОМБАСЫ БАР?

Әлемде қазір АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Британия, Үндістан, Пәкістан, Израиль, Солтүстік Кореяда ядролық қару бар. Әр елде қанша атом бомбасы бары құпия. Бірақ Америка ғалымдары федерациясының есебінше, Ресейде – 5459, АҚШ-та 5177 атом бомбасы бар.

Қытай – 600, Франция – 290, Британия – 225, Үндістан – 180, Пәкістан – 170, Израиль – 90, Солтүстік Корея 50 ядролық бомба иеленіп отыр.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России