Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2026

Сарым: 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент болады

0

"Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімі нөлге теңестіріліп, қайта сайлануы мүмкін бе?" деген сұраққа мәжіліс депутаты Айдос Сарым "жоқ, ол [7 жылдық мерзім] өзгермеуі керек" деп жауап берді. Ол Тоқаевты "өз сөзіне берік" адам деп сипаттап, жеті жылдық президенттігі аяқталғаннан кейін қызметінен кетеді деді.

"Кеше ғана бірнеше журналист сұраған еді. Мен айттым, біздің президентіміз кейбір адамдар ойлағандай билікқұмар адам емес. Ол принципі бар, философиясы, ұстанымы бар адам. Сондықтан менің ойымша, 2029 жылы бізде Қазақстанда үшінші президент болады" деді 28 қаңтарда мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Айдос Сарым.

Ол сөзінде Конституцияға ұсынылып отырған түзетулер арасында да "президенттің өкілеті мен билігін күшейтуге бағытталған норма жоқ" деп сендіруге тырысты. Оның айтуынша, жаңа түзетулердің нобайы алдағы апталарда жариялануы мүмкін.

Депутат мұндай сұраққа елде Конституцияға түзетулер енгізілейін деп отырған шақта жауап беріп отыр.

20 қаңтарда Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше саяси өзгерісті жариялаған. Елде бір палаталы парламентте 145 депутат болатынын, парламент партия тізімімен жасақталатынын мәлімдеген. Бұған қоса, елде вице-президент лауазымы пайда болатынын да айтқан.

Кей сарапшылар бұл өзгерістерге үмітпен қараса, кейбірі "саяси жүйеде үлкен өзгеріс болмайды" деп санайды.

2022 жылы Конституцияға енгізілген өзгеріс бойынша елде президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға ұзартылып, бірақ ол бір реттік мерзім ғана болған еді. Соған сәйкес, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік өкілеті 2029 жылы аяқталады. Осыған дейін кейбір сарапшылар мұндай өзгерістерді Тоқаев өзінен кейінгі қалатын тұлғаны іріктеу процесін бақылау үшін жасалатын механизмді қалыптастыру талпынысымен байланыстырған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России