Добавить новость
103news.com
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Instagram 10 жылда алғаш рет логотипін жаңартып, жаңа трендті бастап берді

0
Instagram кейінгі 10 жылда алғаш рет қолданбаның жоғарғы жағындағы логотипін өзгертті. Желі қолданушылары жаңа дизайнды талқылап, оны ягуарға ұқсатып жатыр, ал басқа компаниялар өз логотипін осы стильде өзгертіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.
Instagram логотипін жаңарттыӨзгеріс туралы Instagram басшысы Адам Моссери жеке аккаунтында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұрынғы логотип он жыл бойы өзгермегендіктен, компания сыртқы түрін аздап жаңартуды жөн көрген. Бұл ретте дизайнерлер түпнұсқа белгінің танымал элементтерін сақтап қалған.

"Қолданбаның жоғарғы бөлігіндегі логотип 10 жыл бойы өзгерген жоқ, сондықтан оны жаңартатын уақыт келді. Ол анағұрлым жинақы әрі заманауи кейіпке енді. Бұл ретте түпнұсқаға сілтемелер мен Instagram-ның ажырамас бөлігі саналатын қарапайымдылық пен детальдарға деген ұқыптылық сақталды", - делінген жазбада.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Adam Mosseri (@mosseri)


Моссеридің жазбасы 230 мыңнан астам лүпіл жинады.Қолданушылар бұл өзгерісті негізінен оң қабылдады. Кейбіреулер жаңа логотипті ягуарға ұқсатып, заманауи көрінетінін атап өтті.

"Маған қатты ұнады!", "Керемет логотип - заманауи, ықшам, сонымен бірге өзіндік сипаты бар. Тағы кімге ұнады?", "Расында керемет көрінеді", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Дегенмен, редизайнды ұнатпағандар да табылды. Кейбір қолданушылар жаңа жазудағы "r" әрпі "z" әрпіне көбірек ұқсайтынын байқаған. Ал басқалары көршілес әріптерге назар аударып, "n" мен "s" әріптері визуалды түрде бірігіп, "m" сияқты қабылдануы мүмкін деп әзілдеді.
Компаниялар өз логотиптерін жаңа стильге бейімдей бастады
Instagram-ның жаңа дизайны қарапайым қолданушыларды ғана қызықтырып қоймаған сияқты.
Жазба жарияланғаннан кейін басқа компаниялар Instagram-ның жаңаруын әлеуметтік желідегі шағын трендке айналдырып, өз логотиптерін ұқсас үлгіде көрсете бастады.
Бұл үрдіске қосылған компаниялардың бірі - OpenAI болды. ChatGPT аккаунтында логотиптің жеке интерпретациясы жарияланды.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by ChatGPT (@chatgpt)


Сондай-ақ Snapdragon процессорларын әзірлеуші ретінде танымал Qualcomm компаниясы трендке қолдау көрсетті.
Скриншот: Threads
Логотиптің өзгеруі Instagram-дағы кейінгі кезде болған жалғыз елеулі өзгеріс емес. Маусымда лента парақтау, Reels және Stories қарау мүмкіндігі тек смартфонмен шектелмейтіні белгілі болды. Instagram теледидарлық нұсқасын кеңейтетінін хабарлап, Smart TV-ге арналған қолданбасын іске қосты.
Тағы оқыңыз: Meta сұрақтар туғызған жаңа ЖИ функциясын іске қосты






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России