Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Дәрігерлер, мұғалімдер, жұмысшылар: Тоқаев қазақстандықтарды Республика күніне орай марапаттады

0

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді.

"Отан" орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, "Музарт" тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған А.Қоразбаев марапатталды.

І дәрежелі "Барыс" ордені "TNS-group" концерні" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі "Барыс" ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, "Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені "Ново-Приречное" ЖШС директоры В.Тюркинге, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.

Ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері "Парасат" орденімен марапатталды. Олардың арасында "Ақмая" шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков, "А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері Н.Уәли, археолог А.Подушкин, "Қарағанды медициналық университеті" КеАҚ профессоры М.Түсіпбекова, "Радуга" ЖШС бас директоры Д.Шарапаев және басқалары бар.

"Құрмет" орденімен "Өзенмұнайгаз" АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы" КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Астық-STEM" ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, "Здоровая Азия" онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы "Қамқорлық" оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.

Қоғамдық келісімді және ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін "Ел бірлігі" орденіне "Алматы қаласының Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Г.Аннакулиева, Қарағанды облысы "Шешен-ингуш "Вайнах" этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы У.Джанаев, "Возрождение" Қазақстандық немістердің бірлестігі" қоғамдық қорының атқарушы директоры Д.Редлер, "Tamos Space School" ЖШС мұғалімі Д.Ромащенко ие болды.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік сала еңбеккерлері III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің кавалері атанды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Б.Бәйменге, Т.Мүсілімге, П.Палтаевқа, М.Сайланбекке, А.Темкинаға және басқа да тұлғаларға берілді.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағына педагогтер және білім беру саласының өкілдері Н.Каранда, К.Мәжитова, Е.Омарханов, Н.Сафиуллина, "Қазақстанның халық әртісі" атағына өнер қайраткерлері Т.Мұсабаев, Н.Өтеулов лайық деп танылды.

Бірқатар медицина қызметкері, соның ішінде Т.Шарманов атындағы Ұлттық медициналық университеттің профессоры Т.Таркина "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағының иегері атанды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер және құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І, ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін", сондай-ақ "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.

Барлығы 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері, сондай-ақ күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

Тоқаев балқытушы Әбдірашит Доспановқа “Қазақстанның Еңбек Ері“ атағын берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России