ОҚО диқандары 600 мың тоннаға жуық дәнді дақыл жинады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың арқасында мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың гектар жерге егілген дәнді дақылдан шаруалар 589 мың тонна өнім алған, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.