Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жексенбі күн ашық болады деп күтілуде. Тек елдің батысы мен шығысында қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.