Мемлекеттік аудит ҚР БҒМ-да миллиардтаған соманың бұзушылығын анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында жалпы сомасы 26,7 млрд теңге болатын процедуралық бұзушылықтардың 147 фактісі, сондай-ақ 16,9 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар мен 43,2 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат республикалық бюджетті атқаруды бақылау бойынша Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.