Қазақстан мен Сербия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Сербия Республикасы Халықтық Скупщинасының төрайымы Майя Гойковичпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.