Тірі жетім өскен ақтөбелік келіншек қиын тағдырын айтып берді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы «Малика» дағдарыс орталығында 50 адам тұрып жатыр. Олардың көбі бала-шаға. Себебі, күйеуінен зәбір көрген әйелдердің - 2, тіпті 5 баласы бар. Екі жасында анасы тастап кетіп, ішімдікке әуес әкесімен қалған Орынгүл Оралова ҚазАқпарат тілшісіне жетім өскеннің қиындығын айтып берді.