Француздар Шымкенттегі түрменің қабырғасына қызғалдақ суретін салды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Франция елінің граффистері Шымкенттегі түзеу мекемесінің қабырғаларына қызғалдақтардың суреті салып жатыр. Бұл шара Қазақстан мен Франция елдерінің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығы мен Шарль де Гольдің Қазақстанға келгеніне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.