«Мәңгілік Ел» идеясының тарихи ізашарлары
Жазба тарихтан дүниенің төрт бұрышына әйгілі болған Ұлы Даланың нақ ортасынан шыққан ежелгі халық сақтар екендігі мәлім. Олар туралы грек, парсы, рим және қытай тарихшылары мен саяхатшылары, елшілері алуан түрлі деректер қалдырды.