Қазақстан мен Ресей Челябинскідегі форумда үкіметаралық 10 келісімге қол қояды
ЧЕЛЯБИНСК. ҚазАқпарат - Челябинскіде өтіп жатқан форум барысында Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында 10 келісімге қол қойылатын болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Челябинскіде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.