Қазақстан чемпионатында 19 жастағы боксшы Азия чемпионын жеңді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте өтіп жатқан бокстан ел біріншілігінде жартылай финалға шыққан спортшылар анықталды. 52, 60, 69, 81 және 91 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша жеңіске жеткендер ертең қолғап түйістіретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.