Қазақстандық боксшы «Сондерс-Лемье» кездесуінің андеркартында жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен осы салмақта IBF нұсқасы бойынша экс-чемпион, канадалық Дэвид Лемье арасында өтетін жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасады. Аталмыш кездесу 16 желтоқсанда Лаваледегі (Канада) Place Bell аренасында өтеді, деп жазады Sports.kz.