«Ана мен бала» орталығында миды емдейтін қымбат аппарат пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада неонатологияға аса қажетті және қымбат тұратын гипотермия аппаратына қол жеткізілді. Оны сатып алуға қажетті қаржының бір бөлігі «Астана марафон-2017» қайырымдылық шарасынан түскен ақшадан аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.