Қызылордада Иран Ғайыптың шығармашылық кеші өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және "Парасат" орденінің иегері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Иран Ғайыптың 70 жас мерейтойына орай «Бұ дүние ғайыбы» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.