ОҚО-да еңбек инспекциясына 900-ге жуық арыз түскен
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында еңбек инспекциясы басқармасына соңғы тоғыз айда 900-ге жуық арыз-шағым түскен. Шағымдардың басым көпшілігін Мақтарал ауданының тұрғындары жазыпты. Бұл туралы мақталы ауданда өткен еңбек заңдылығының талаптарын қатаң сақтау бойынша көшпелі жиында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.