Синоптиктердің 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қараша күні антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, тек батыста жауын-шашын сақталады. Республиканың кей жерлерін тұман басып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.