Наманган жұрты автобустағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр
Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның Ақтөбе облысында автобуста болған өрттен қаза тапқан 52 адамның кім екендері анықталғаны туралы хабарлады. ДНК сараптамасы да аяқталған. Марқұмдар тұрған Наманган аймағында жұрт жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр.