Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Май
2018

Шымкенттік белсенді Ардақ Әшімді ауруханадан шығарды

0
Шымкенттік белсенді Ардақ Әшімді ауруханадан шығарды

Мамырдың 5-і күні кешке Оңтүстік Қазақстан облыстық жүйке аурулары диспансеріне еркінен тыс жатқызылған жергілікті белсенді Ардақ Әшім облыстық соттың қаулысымен туыстарының қарауына берілді. Бұл туралы Азаттыққа белсендінің қызы Айнұр Әшім хабарлады.

Оның айтуынша, сенбі күні облыстық апелляциялық сот алқасы Абай аудандық сотының судьясы Сержан Айнабековтің Ардақ Әшімді жүйке дерті ауруханасына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін бір айға ұзарту туралы сәуірдің 27-інде шығарған қаулысын бұзып, белсендіні туыстарына беру туралы шешім қабылдаған.

"Осыған дейін сотқа түсірген шағымымыздың бәрі қанағаттандырылмай қалғандықтан ба, алғашында облыстық соттың анамды өзімізге беру туралы шығарған қаулысына сенбедік. Аурухана дәрігерлері "анаңызды алып кетіңіз" деп хабарласқанда ғана шын қуандық. Қазір анамызды үйге алып келдік", - деді Айнұр Әшім.

Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Ардақ Әшім: "Денсаулығым жақсы. Аздап шаршап тұрмын" деді.

Бұған дейін Абай аудандық соты Ардақ Әшімді жүйке аурулары диспансерінде мәжбүрлеп емдеу мерзімін тағы бір айға ұзарту туралы облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасы тергеушісі Бақытжан Сыдықовтың өтінішін қанағаттандырған. Ардақ Әшімнің туыстары бұл қаулымен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген.

Ардақ Әшім наурыздың 31-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне тергеу ісі бойынша жауап беруге шақыртумен барған кезде жүйке аурулары диспансеріне еркінен тыс жатқызылған. Абай аудандық соты Ардақ Әшімді жүйке аурулары диспансеріне жатқызу туралы қаулыны наурыздың 27-інде шығарған. Белсендінің туыстары сот шешіміне апелляциялық шағым түсіргенімен облыстық сот шағымды қанағаттандырмаған болатын.

 Оқи отырыңыз: Белсендіні жүйке дерті ауруханасында күштеп "емдеп" жатыр

Бұған дейін Абай аудандық соты Ардақ Әшімнің Facebook желісінде "билікке қарсы түрлі мазмұнда теріс мақалалар жариялағаны анықталғанын", осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша іс қозғалғаны жөнінде хабарлаған.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Ардақ Әшімді "ар-ождан тұтқыны" деп танып, Қазақстан билігін еркінен тыс емдеуге жатқызылған белсендіні ауруханадан шығарып, оған қатысты істерді тоқтатуға шақырған.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»





Москва

Стоматолог Владимир Лосев: сколько времени нужно носить брекеты


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Алсу

Mash: певица Алсу и ее супруг Абрамов поделят при разводе 2 дома и 2 квартиры




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России


Ролан Гаррос

Парижские сюжеты: Медведев играл в кошки-мышки, Котов творил историю, Калинская заставляла нервничать Синнера



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Грузовые автопарки переориентировались на новые бренды



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России