Құрманғазы ауданында күй мерекесі кеңінен атап өтілді - Атырау облысы
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Шежіресі халқымның Құрманғазы» атты халықаралық домбырашылар байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.