"Жазадан құтылғандар бізге күліп кетеді"
Республикалық "Охотзоопром" мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев рейд кезінде браконьерлер қолынан ауыр жараланып, қайтыс болды. Бұл оқиға қоғамда көп талқыланып, халық кінәлілерді жазалауды талап етіп жатыр. Осы ретте Азаттық тілшісі "Охотзоопром" мемлекеттік мекемесі Қызылорда филиалының басшысы Берік Жорабековпен қорықшылар жұмысы, браконьерлермен күрес жайлы сұхбаттасты.