Көрерменді жылатқан "ауыр" фильм
Басты рөлді қазақстандық актриса сомдаған, Мәскеудегі қырғызстандық еңбек мигрантының ауыр өмірі жайлы баяндайтын "Айка" фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастады. Азаттық тілшісі "Айканы" көрермендермен бірге көріп, олардың пікірін біліп қайтты.