Қазақтардың батылдығы Астананы "дипломатиялық тығырыққа" тіреді
Осы аптада әлемдік деңгейдегі бірнеше басылым Шыңжаңдағы адам құқықтарының бұзылуы және ондағы "саяси үйрету лагерлері" туралы айтуға батылы барған этникалық қазақтар туралы жазды. Ақпарат құралдарының жазуынша, Астана стратегиялық әріптесі – Пекиннің экономикалық мүдделері мен ел ішіндегі Қытайдың саясатына қарсы наразылық арасында тепе-теңдік сақтай алмай, қиналып отыр.