"Назарбаев президенттіктен кетсе де, саясаттан кетпейді"
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретіндегі өз өкілетін тоқтатып, оны сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстауын сарапшылар әртүрлі бағалайды. Алайда олар Назарбаев президенттіктен кеткенімен, саясаттан кетпейді деген ортақ пікір білдірді.