11 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілдеде Республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, елдің шығысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.