АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөліктері арқылы атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады, қар аралас жауын жауады; жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады; тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.