Магнитті ойыншықтар сәбилердің өміріне қауіпті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы кезде ойнап отырған баланы операция үстелінен бір-ақ шығаратын магнитті ойыншықтар пайда болды. Қауіптісі сол, ойын баласы ұсақ бөлшектерді жұтып қойса, оның өздігінен шыға қоюы екіталай. Магнит атылған оқтай ас қорыту органдарын зақымдап өтеді.