Екібастұз және Ақсудағы кәсіпорындар жоспарлы жұмыс тәртібіне шығады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды. Жиналыс барысында Екібастұз қаласындағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бір айдан кейін жоспарлы жұмыс тәртібіне шығып, ал Ақсу ауылдық аймағындағы «Қызылжар-Құс» тауық фабрикасы жыл соңына дейін бір мың тонна мұздатылған тауық етін шығаратыны мәлім болды.