Елордада «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпанда «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Қыс өрнегі» 17-ші шаңғы фестивалі өткізіледі. Бұл дәстүрлі шаңғы жарысы - қыстың соңғы сенбісінде Есіл өзенінде (Есіл өзенінің арнасы, Қабанбай батыр даңғылы, көпір, «Рамстор» СҮ) және қалалық саябақтың жаяу жүргіншілер көпірінде ұйымдастырылады.