Елордадағы «Таза жұма» акциясына 27 мыңнан аса адам қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың барлық аудандарында «Таза жұма» акциясы ұйымдастырылып, оған түрлі ұйымдардың еңбек ұжымдары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, әлеуметтік нысандардың, базарлардың, бизнес құрылымдардың, сауда-ойын сауық орталықтарының, жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.