«Әр қазақ менің жалғызым» деген атпен шетелдегі қандастар арасында концерт бергім келеді - Ибрагим Ескендір
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл. Осы мерейлі мереке қарсаңында «Көк тудың желбірегені», «Аманат», «Қазақстаным», «Қазағым» сияқты рухты әндерімен халыққа танылған әнші, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ибрагим Ескендірмен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.