Астанада үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мұрындық болуымен Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті.