«Астана Опера» қыз-келіншектер мерекесіне орай музыкалық шоу ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күнін «Астана Опера» жарқын концерттік бағдарламалармен атап өтпек. Театрдың Камералық залында 7 наурызда «Мың бір сырлы сезім» мерекелік концерті өтеді, ал 9 наурызда халық атақты отандық музыкант-аспапшылардың «Биге шақыру» концертін тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.