Синоптиктердің 5 шілде күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 5 шілде күні республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін. Сондай-ақ шаңды дауыл тұрып, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.