Әдеп кодексін бұзған 30 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 200-ге жуық мемлекеттік қызметші әдеп кодексінің нормаларын бұзған. Олардың 30-ы жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте өткен комиссия жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.