Қазақстан мен Ресей сенаторлары өзара іс-қимылдың басым бағыттарын анықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің және Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің бірлескен отырысы болды, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.