Қарағандыда үздік медицина қызметкерлері марапатталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда үздік дәрігерлер облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды. Медицина қызметкерлері өз кәсіби мерекесін қиын кезеңде қарсы алуда. Дәл осы күрделі уақытта олар өз мамандығына және Гиппократ антына адалдығын дәлелдеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.