Демалыс күндері елордада қандай шаралар өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік іс-шараларды, сондай-ақ елордадағы мәдениет мекемелеріндегі концерттер мен қойылымдарды тамашалай алады. Барлық іс-шара санитария нормаларына сай өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.