Ақмола облысында көлігінде автокресло болмаған 1000-нан астам жүргізуші жазаланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Ақмола облысында 1000-нан астам жүргізуші автокөлікте балаға арналған орындықтар болмағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.