Трансұлттық қылмыстық топқа мүше қазақстандық Ресейде ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен еліміздің тұрғыны Ресейдің Мәскеу облысынан ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.