Тұман, көктайғақ: Дүйсенбі күнге ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, түнде елдің оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын, найзағай болжанады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды.