Жапон ғалымдары темекі шегетіндерде коронавирус жұқтыру қаупі 1,5-2 есе жоғары екенін анықтады
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияның Халықаралық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығының зерттеушілері жасанды тыныс алу аппаратын қажет ететін жаңа коронавирусты жұқтырудың ауыр зардаптарының қаупі темекі шегумен ауыратын ерлерде 1,51 есе және әйелдерде 1,94 есе жоғары екенін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.