Жұма күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Елдің барлық аумағында жел күшейіп, тұман болжанады. Сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.