Әзірге Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери контингент құра алмайды
АСТАНА. KAZINFORM - Мәжіліс Өзбекстанмен одақтастық қатынас туралы келісімді ратификациялап, мақұлдау үшін Парламент Сенатына жолдады. Сенаттан кейін құжатқа Президент қол қоюы тиіс. Келісімге сәйкес, Астана мен Ташкент арасындағы қызметтестіктің жаңа механизмі жасалып жатыр. Енді Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары мемлекетаралық кеңес құрылмақ. Kazinform агенттігінің бас редакторы Нағашыбек Алдан осы құжаттың негізгі артықшылықтарына жан-жақты тоқталды.