Белсенділер Көкжайлауды дамыту жобасын ұсынды
«Көкжайлауды қорғайық» бастамашылар тобы Алматы маңындағы тауларда орналасқан, ондаған жыл бойы жергілікті билік пен қоғам белсенділері арасындағы дауға себеп болып келген шатқалды дамыту жобасын қолға алған. Маусымның 25-і күні экобелсенділер Алматы әкімдігі ұсынған жобадан бөлек, өздері дайындаған нұсқаны қоғамдық талқылауға шығарды.