Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Август
2019

Нұр-Сұлтанда монстрация өткізбек болған жастарға полиция айыппұл салды

0
Нұр-Сұлтанда монстрация өткізбек болған жастарға полиция айыппұл салды

25 тамыз күні Нұр-Сұлтандағы "Хан шатыр" ойын-сауық кешені алдында монстрация қойылымын өткізбек болған бірнеше жас азаматты полиция әкетті.

Олардың бірі - "Қаhарман" қозғалысының мүшесі Әлия Ізбасарованың Азаттық тілшісіне айтуынша, өздері жоспарлаған шараға суреттер мен басқа да заттарын әзірлеп апарған жастардан ойын-сауық кешені алдына барған полиция мен әкімдік өкілі "митингіні доғаруды" талап еткен. Бұл жерге митинг емес, әзіл-сықақ шарасын өткізуге жиналғанын түсіндірмек болған жастарды полиция автобусына салып, "Хан шатыр" маңынан алып кеткен.

- Біз тек әзіл-сықақ мазмұнында әзірленген плакаттарымызды шығарып, біраздан соң тараймыз деп ойлағанбыз. Бірақ әкімдік өкілі мен полиция ескертуінен кейін кетуге жинала бастадық. Полиция өкілдері бізді аялдамаға дейін "шығарып саламыз" деп айтты да, автобусқа салып полиция бөліміне әкетті. Кейін әрқайсымызға хаттама толтырған соң босатты, - дейді Әлия Ізбасарова.

Оның сөзінше, жастар шара өткізуге әзіл-сықақ жазылған плакаттардан бөлек екі сиырдың костюмі мен "Екі сиыр елді құтқаруға дайын" деген орысша жазуы бар баннер дайындап апарған. "Плакаттарымызды да, басқа заттарымызды да түгел полиция алып қойды" дейді Анастасия Гузева.

Асқар Абаев, Анастасия Гузева, Лейла Қалабаева, Жанбота Әлжанова, Әйгерім Мұхамеджанова, Әлия Ізбасарова, Айжан Қасымова, Елизавета Цой мен Дана Бегазинованы Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық полиция басқармасына қарасты 18-бөлімшеге жеткізіп, олардан түсініктеме алған. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-бабы бойынша "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбағаны" туралы әкімшілік хаттама толтырған.

Полиция бөлімшесінде белсенділердің бірі Жанбота Әлжанованың денсаулығы нашарлаған соң оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға алып кеткен.

Азаттық тілшісі полиция бөлімшесіне келгенде дәлізде отырған прокурор Айдан Омаров "Хан шатыр" кешені жанынан жеткізілгендердің барлығы үйлеріне қайтып кеткенін айтты. Ал кезекші полиция қызметкері Абай Батырқұлов қыздарды босатып қоя бергендерін, бөлімше ішінде тек бір жігіттің қалғанын хабарлап, бұдан басқа ақпарат беруден бас тартты.

Белсенділердің адвокаты Ольга Эннің сөзінше, полиция өкілдері оған "учаскеге жеткізілгендерге хаттама көшірмесі ұсынылғанын, бірақ олардың алудан бас тартқанын" айтқан.

- Әрине, ешкімге ештеңе ұсынбағаны белгілі. Бұлар сол хаттамаға сәйкес айыппұл төлейді, бірақ біз міндетті түрде шағымданатын боламыз, - деді заңгер Азаттыққа.

"Қаhарман" қозғалысының белсенділері 24 тамызда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларына "Хан шатыр" ойын-сауық кешені жанындағы Nur Sultan жазуы алдында әзіл-сықақ шарасын (монстрация) өткізетіндерін хабарлап, жұртшылықты оны тамашалауға және өз үлестерін қосуға шақырған. Олар шара барысында Қазақстанның бұрынғы президенті, биліктегі "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен партия жиынында мемлекеттен жәрдем сұраған тұрғындарды "үкіметке қол жаяды" деп сөгіп, "микрокредит алып екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деп айтқан сөзіне байланысты әзіл-сықақ көрініс қоюды жоспарлаған.





Губернаторы России
Москва

Собянин: 1 июня начнется фестиваль «Лето в Москве. Все на улицу!»





Москва

Книжные новинки, лаборатория текста и иллюстраций — ждут гостей Московского детского фестиваля искусств «НЕБО»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Фонд музея-заповедника «Царицыно» собрал 61 тыс. произведений искусства



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Баста

В Ростове из-за двух концертов Басты перекроют улицу Левобережную




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Вышел второй подкаст онлайн-лектория «Иннагрика» о возможностях аграрной генетики для молодых исследователей

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете


Надежда Петрова

Теннисистка Петрова: Хачанов совершил недопустимую ошибку на "Ролан Гаррос"



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Мир

На европейских курортах жители начали обносить улицы цепями, запрещая туристам туда заходить: романтический отдых закончился



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России